Sport

Тұраров WBO титулын жеңіп алды

Нұр-Сұлтандағы «Барыс-Арена» спорт кешенінде қазақстандық боксшы Жаңқош Тұраров қарсыласы аргентиналық Максимилиано Годойды нокаутқа жіберіп, WBO титулын жеңіп алды.

Олардың кездесуі 10 раундқа жоспарланған болатын. Бірақ үшінші раундтағы Тұраровтың нокдаунымен мезгілінен ерте аяқталды. Бұл – 28 жастағы Жаңқош Тұраровтың 24-ші жеңісі. Ол қарсыластарын 17 рет нокаутпен жеңген. Ал 29 жастағы Годой 34 рет жеңіске жетіп, бір рет тең түскен. Бұл – оның бесінші жеңілісі.
Көрермендерге мереке күнінде тамаша әсер сыйлаған бұл бокс кешін британиялық MTK Global компаниясы мен америкалық Top Rank ұйымдастырып отыр. Кеште Жаңқош Тұраровтан басқа, Сұлтан Зауырбек, Виктор Коточигов, Али Балоев, Әбілқайыр Шегалиев, Нұртас Әжбенов және Абай Төлеш секілді боксшылар да өнер көрсетті.
Айта кетейік, Жаңқош Тұраровтың биыл сәуір айында MTK Global промоутерлік компаниясымен келісімге келуі оған жаңа мүмкіндіктерді ашты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button