Қала мен СалаҚала тіршілігі

Үйде ит ұстасаңыз…

«Асырауында үй жануарлары бар қала тұрғында­ры ауланы, кіреберісті, баспалдақ алаңын, лифтіні, балалар алаңын, жаяу жүргіншілер жолын, скверлер мен саябақтарды, демалыс аймағын ластамау керек» делінген жақында ғана Астана қаласының мәс­лихаты шешімімен күшіне енген «Ит пен мысықтар­ды серуендету және асырау ережесі» талаптарында.

Сондай-ақ, серуендету ке­зінде иелері иттеріне тұ­мыл­­дырық тақпаса, оны қолына ұстап, қарғыбауды қадағаланатын қашықтыққа дейін ұзарта алады.
Сонымен қатар, ит пен мы­сықтың иелері мына талаптарды ескергені жөн:
– асырауындағы үй жануар­лары айналадағы адам­дар­дың мазасын алып, қауіп төн­дірмеуін қамтамасыз етуі қажет;
– итті кәсіпорындардың ау­ма­­ғында, мекемелерде, бағ­бандық бақта немесе саяжайларда, коммерциялық емес бірлестіктерде, азаматтардың демалыс базаларында, байлаулы (алайда иттің байлауы тағам мен суға еркін жететіндей болуы, табиғи қажеттіліктеріне кедергі келтірмеуі керек) немесе жабық металл торда (вольер) ұстаған жөн.
Иттер адамдарды қауып алмайтындай қоршаулы аумақта ұстаулы тиіс.
Ит бар жердің кіреберісіне көлемі 20-30 см тақтайшаға иттің суреті салынып, «Ит күзетеді! Охраняется собакой!» деген ескерту жазылуы керек.

Таңатар ТӨЛЕУҒАЛИЕВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button