Ел тынысы

«Ұлы даланың ұлы тұлғаларының мұралары» атты конференция өтті

2024 жылдың 18 ақпанында Астана қаласының оқушылары арасында Астана қаласы Білім басқармасы мен Әдістемелік орталығының қолдауымен №43 қосымша білім беру мектеп -орталығында «Ұлы даланың ұлы тұлғаларының мұралары» атты республикалық конференциясы өтті.
Республикалық конференцияның мақсаты: 2023-2024 жылы мерейтойлары атап өтілетін ұлы тұлғалар – Бұқар жырау Қалқаманұлы (355 жыл), Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (165 жыл), Жүсіпбек Аймауытов (135 жыл), Ілияс Жансүгіров (130 жыл), Сәкен Сейфуллин (130 жыл), Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (125 жыл), Әлкей Хақанұлы Марғұлан (120 жыл), Әбілхан Қастеев (120 жыл), Бердібек Соқпақбаев (100 жыл) мұраларын өскелең ұрпаққа насихаттау арқылы ХХІ ғасырдың білім экономикасының дамуына, ғылыми әлеуеттің сақталуына, өсуіне ықпал ету және педагогтердің іс-тәжірибелерін республикаға тарату мақсатына өткізілді.
Республикалық конференцияға Астана қаласының, Ақмола облысы мен Қарағанды облысының білім ұйымдарымен қосымша білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері және оқушылары қатысты.
Конференция «Жер -Ана» монологына құрылған бейнесюжетпен, «Қазақ тарихында есімдері қалған аналар» композициясымен ашылды.
Республикалық конференция бес секцияны қамтыды:
«Ұлы даланың ұлы тұлғаларының мұрасы» – ғылым бағыты;
«Ұлы дала даналығы» – тәрбие бағыты;
«Ұлы дала ойындары» – асық ату жарысы;
«Робо-арқан тартыс» – робототехника;
«Экkoboom» -экологиялық бағыт.
TED форматында өткен пленарлық отырысқа Қарағанды қаласы Қарағанды университеті фиология ғылымдарының кандиданты доцент Жұмағұл Айтбай Ботбайұлы; Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институтының Тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі, Тарих ғылымдарының докторы Алпысбес Махсат Алпысбесұлы; Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Мәдениет орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Кабидолдин Куаныш Тлеуханович; Астана қаласының Әкелер қауымдастығының төрағасы Күзембай Бекдайыр Нығметұлы; «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жобалар жетекшісі Аманжолова Аида Қанатқызы; Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Алимолда Арман – аталмыш мерейтойиелерінің өмірбаяндарына тоқталып, іс -тәжірибелерімен бөлісті.
Пленарлық отырыстың модераторы «№43 қосымша білім беру мектеп -орталығының» директоры Нұртас Құрманғалиұлы жүргізіп отырды.
Іс -шара барысында мектеп алаңына келген қонақтармен бірге ағаш отырғызылды.
Бағыттар бойынша секция жұмысы жүргізіліп, білім ұйымдарының ұстаздары баяндамалар оқып, іс -тәжірибелерімен бөлісті.
Мектеп оқушылары арсында өткен «Робо -арқан тартыс» – робототехника және «Экkoboom» -экологиялық бағытындағы жарыстың жеңімпаздарына жүлделі орындар үшін дипломдар мен марапатталып, қатысқандары үшін сертификаттар таратылды.
Қарағанды облысынан арнайы келген Амантай Акишев өз өнер туындысынан көрме ұйымдастырды. Сонымен қатар, кітап, сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Мектеп алаңына киіз үй құрылып, жобалар көрмесі қойылды. Мектептің қосымша білім беру үйірмесінің оқушылары өз өнерлерін паш етті.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button