Қала тіршілігі

Үш жылдық бюджет талқыланды

Кеше Nur Otan партиясының депутаттық фракциясы мен Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Мұнда қаланың 2021-2023 жылға арналған бюджетінің жобасы және өңірдің 5 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы талқыланды. Баяндаманы «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы Қайсар Маңқараев жасады.

– Қаланың 2021-2023 жылдарға арналған болжамды үш жылдық бюджеті Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында әзірленді. Сондай-ақ бұл құжатта Нұр-Сұлтан қаласын 2050 жылға дейін дамыту стратегиясы мен 2023 жылға дейінгі Кешенді жоспары негізге алынған,– деді Қ. Маңқараев қаржылық құжатты мәслихат депутаттары назарына ұсына отырып.
Қаланың негізгі әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштеріне қарасақ, елорда экономикасының тұрақты өсіп келе жатқанын байқаймыз. Мәселен, 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығында ЖӨӨ 3 трлн 31,5 млрд теңгені құраған. Ол былтырғы сәйкес мерзімнен 4 % көп. Астананың осы даму қарқыны бәсеңдемесе, ол 2025 жылы 11,2 трлн теңгеге жетуі тиіс.
2021-2023 жылдарға арналған болжам бойынша қала кірісі 1 трлн 1млрд 376 млн теңге болады деп күтіліп отыр: 2021 жылы – 319,7 млрд теңге, 2020 ж. – 332,3 млрд және 2023 жылы – 349,4 млрд теңге.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button