Жаңалықтар

Жаңа техникамен толықты

Елорда көшелерінің тазалығымен айналысатын «Астана Тазалық» ЖШС қосымша жаңа техникалармен қамтамасыз етілді.Компания мамандарының мәліметінше, «Астана Тазалық» ЖШС «Амкадор 37» қар тиеуге арналған 10 техника сатып алған. Енді осындай тағы 5 техника алу жоспарлануда. Сонымен қатар аталған кәсіпорынның техникалары елордадағы «Стройдормаш – Астана» зауытында құрастырылған «ГС 14» деп аталатын 4 автогрейдермен толыққан. Оның артықшылығы ЯМЗ – 236, TIER-2 дизель қозғалтқыштары кез келген қолайсыз жағдайда жұмыс істеуге бейімделген. Автогрейдердің кең әрі қауіпсіз кабинасы FOPS – ROPS талабына сай жабдықталған. Мамандардың сөзінше, кәсіпорын осындай тағы 11 автогрейдер алуды жоспарлап отырған көрінеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button