ЖаңалықтарҚала мен СалаҚала тіршілігі

Жарық қала – қауіпсіз қала

Келер жылы 200-ге тарта жаяу жүргіншілердің жолына қосымша шамдар орнатылатын болады.

Астана әкімі Әсет Исекешев қаламыздағы жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік апаттарының алдын алу үшін сол жолдарға қосымша жарық орнатуды тапсырды.
Осы мақсатта Астана қаласының Энергетика басқармасы мен ІІД бірлесе отырып, қаламыздағы реттелмейтін жаяу жүргінші жолдарының жарықпен қаншалықты қамтылғанын саралады. Нәтижесінде 200-ге жуық жаяу жүргінші жолының жарықпен жабдықталуы нашар екендігі анықталған. Бұл дегеніміз – түн мезгілінде, жауын-шашын күндерінде көлік жүргізушілері жаяу жүргіншілерді көре алмай қалу қаупі жоғары жер телімдері барын білдіреді.
Энергия көздерін жаңарту жобасының басшысы Рустам Қадыровтың айтуынша, жоба Астананың барлық аумағын қамтып отыр. «Бүгінде біз 200-ге жуық жаяу жүргінші жолына қосымша жарық беретін шамдар орнатуды қолға аламыз. Бұл жобаға оң жаққа бұрылу жолындағы жаяу жүргінші жолы мен аула ішілік жолдар кірмейді» деді ол.
Жауапты мекемелер жүргізген сараптамаға сәйкес, егер жаяу жүргінші жолының бо­йында немесе жанында энергия қуаты тартылатын болса, қосымша шамдарға жарық
содан алатын болады. Егер ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, балама қуат көзде­рін пайдаланатын шамдар қо­йылатын болады. Тапсырма бо­йынша жоба 2018 жылы толық орындалуы тиіс.

Гүлдана Талғатқызы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button