Жаңалықтар

Жемқорлық жолы кесіледі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің бастамасымен «Protecting Business and Investments» жобасы аясында кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға арналған сұхбат алаңы өтті.Басқосуға Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы Ирак Елекеев, «Атамекен» ҰКП мүдделі кәсіпкерлік субъектілері өкілдері, Инвес­тициялар және кәсіпкерлікті дамыту, Отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық, Мәдениет, Табиғи монополияларды реттеу басқармасы, Төтенше жағдайлар департаменті басшылары мен өкілдері қатысты.
Шара барысында агенттіктің парасаттылық, әділеттілік пен адалдық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған бастамалары және «Protecting Business And Investments» жобасы аясында атқарылған жұмыстар түсіндірілді. Биыл 11 қазанда елордалық департаментке «Әлия» ЖК директоры М.Медресов мырзадан және бір топ кәсіпкерлерден (55 шағым) Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы тарапынан заңсыз әрекеттерге қатысты шағым түсті. Департамент басшысы Нұрлан Қыдырбаевтың және барлық мүдделі тараптардың қатысуымен жиналыс өткізіліп, мәселе оң шешімін тапты.
«Protecting Business and Investments» жоба кеңсесінің жетекшісі Айдос Мамыт қатысушыларды жобаның республика бойынша жұмысымен таныстырды. Жобалық кеңсе «тоқтаусыз» тәртіптен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау арқылы әр бизнес-жоба бойынша аптасына 7 күн, тәулік бойы нақты жұмыс істейді. Қалалық департамент кәсіпкерлерге өздерінің заңды құқықтарын жүзеге асыруда көмек көрсетеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button