Жаңалықтар

Жолдарды тоздырмайтын тәсіл

Астананың көлік қозғалысы тығыз бірнеше көшелеріне «Rejuvaseal» деп аталатын айрықша қорғаныш қабат төселіп жатыр. Бүгінге дейін Тұран, Орынбор даңғылдары мен Достық, Қонаев көшесі секілді 6 бірдей көше осындай тәсілмен қайта өңдеуден өткізілді. 

жол

Жолдарға қара май, хош иісті майлар мен арнайы ерітінділерден жасалған эмульсия асфальтбетон жабыны төселіп, герметизацияланады және қорғайды. Бұл қабат көшелердің тозу процесін баяулатып, жаңартады, қолдану мерзімін ұзартады.
Қоспа жол жабынына сіңеді және ескі асфальт жабынында анықталған химиялық заттар теңгерімсіздігін қалпына келтіреді. Бұл процесс тұтқырлық пен морт сынғыштықты айтарлықтай төмендетеді, сонымен қатар, асфальттың созылғыштығы мен иілгіштігін арттырып, жарыл­уына, қабыршақтануына жол бермейді.
Алдағы уақытта Орынбор, Пушкин, Керей және Жәнібек хандар көшесі мен Абай, Сарыарқа, Республика даңғылдары секілді тағы бірнеше ірі жол торабы осындай өңдеуден өтеді деп күтіліп отыр.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button