Жаңалықтар

Су хлорсыз тазартылады

Астана билігі ауызсуды хлормен тазарту технологиясынан бас тартып жатыр. Мамандардың сөзіне сенсек, хлорсыз тазарту әдісі елорда тұрғындары қолданып отырған судың сапасын  біршама  жақсарта түспек. 

Қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасы бас­тығының орынбасары Тимур Әбіжановтың айтуынша, Ас­тананың басты су тарату меке­месі залалсыздандырудың ескі тәсілін қолданбайтын болды. Мұндай мүмкіндікке су тазарту станциясына реконструкция
жасау арқылы қол жеткізілген. «Су сапасы артқанымен, ескірген магистралды құбырлар ауызсу сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Енді басты жоспар – жарам­сыз су құбырларын ауыстыру болып отыр» дейді ол.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button