Жаңалықтар

АВТОШЕРУ ЖОЛҒА ШЫҒАДЫ

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және екінші дүниежүзілік соғыс жылдары алғашқы әскери құраманың құрылғанына 75 жыл толуына орай «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық  филиалы мен «Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлы дала азаматтары» атты республикалық автошеру жолға шығады.

25 лет независимости

– Бүгін – тарихи күн. Осыдан дәл 75 жыл бұрын Кеңес одағына тұтқиылдан шабуыл жасады. Бейбіт өмірдің тыныштығы бұзылды. Сол соғысқа қазақстандықтардың қосқан үлесі зор. Елімізден бір миллионнан аса ер-азамат майданға алынды.
Оның 600-ден астамы қанды қырғында көз жұмды. Бүгінде Ұлы Отан соғысы жайында жазылған тарихи деректердің шындығы енді айтылып жатыр. Мәселен, Жеңістің 50 жылдық мерекесінде Брест облысы губернаторының баяндамасын тыңдаған едім. Сонда ол кісі Брест қамалын қорғағандардың сексен пайызы Орта Азия мен қазақстандық жауынгерлер болғанын айтады. Мәскеу түбінде біздің аталармыз ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Демек, біз осындай баһадүр бабаларымызды еш ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан бүгінгі жастар аталар ерлігін құрметтеп, дәріптеп жүрсін деп, «Ардагерлерді ардақтайық» деп аталатын партия жобасы аясында автошеруді ұйымдастырып отырмыз, – деді «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірін­ші Еділ Мамытбеков.
Ал «Генералдар кеңесі» респуб­ликалық қоғамдық бірлестігінің өкілі, генерал-майор Марат Мәрденовтің айтуынша, автошеру 4 шілдеде Алма­тыдан шығып, Қырғыз елінің бас қа­ласы Біш­кекке аялдап, одан кейін елі­­міздің көптеген қалаларын аралаған­нан кейін 8 шілде күні елордаға келеді. Игілікті шара 12 шілдеде аяқталады.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button