ЖаңалықтарҚұқық

Астанада ломбардқа қарақшылық шабуыл жасалды

Астанадағы Кенесары мен Янушкевич көшелерінің қиылысында орналасқан «М-Ломбард» ғи­ма­ра­тына басып кірген адамға қа­тысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Қарақшылық» және «Кепілге алу» баптары бойынша тергеу жүріп жатыр. 

010

Бұл жөнінде Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекова хабарлайды.
Еске сала кетейік, өткен жексенбі күні орын алған ломбардты тонау әрекеті кезінде дабыл тетігі іске қосылып, есік автоматты түрде құлыпталып, іште күдікті және ломбардтың екі қызметкері қамалып қалған. Ғимарат дабыл белгісі арқылы күзет фирмасына қосылғандықтан, ломбардта күзетші болмаған. Полициямен телефон арқылы әңгімеден кейін күдікті өз еркімен берілді. Іштегі адамдар зардап шекпей, ломбард мүлкіне де зиян келмеді.
Қалалық ІІД департаментінің мәліметі бойынша, күдікті –1974 жылы туған Астана тұрғыны. Операция жүргізу барысында одан пневматикалық қару тәркіленіп, баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button