Басты ақпаратЖаңалықтар

Астанада «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясы өтіп жатыр

Жиын ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні аясында ұйымдастырылды.

20160829082621

Тәуелсіздік сарайында әлемнің 52 елінен келген қатысушылар Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясына қатысуда. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін жиын ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні аясында өтуде.

Форум барысында  «БҰҰ және қарусыздандыру үдерістері: келешегі қандай? «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі», «Ядролық тежеуден бас тарту – халықаралық қауіпсіздіктің жаңа сипаты», «Ядролық қарудан азат аймақтар. Орнықты әлемнің географиясы», «Ядролық қарусыздану саласындағы азаматтық қоғамның рөлі» тақырыптары бойынша бірнеше сессия өтеді. Конференция қатысушылары ядролық қаруды қолдану, полигон  құрбандарын еске алу, қарусыздандыру саясатын қолдау және оны таратпаудың өзекті мәселелері туралы ой бөліспек.

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің басшысы, Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Семей полигонының жабылуына 25 жыл толуы жаһандық маңызы бар күн.

-Ел Президентінің  Семей ядролық полигонын толықтай жабу туралы шешімі әлемдік қарусыздану тарихында алғашқы және соңғы мысал болып табылады. Мемлекет басшысының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің негізінде қарусыздану идеясы жатыр.  Семей полигонының жабылуына 25 жыл толуы -жер бетінде орнықты әлем құрудың бірінші кезекте маңыздылығы және қауіпсіздік проблемаларына жаңа бірлескен шешімдер ұсыну туралы бүкіл әлем қауымдастығына ойланудың ең оңтайлы мүмкіндігі, – деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Жалпы,  конференцияға  БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Женева бөлімінің бас директоры, Қарусыздандыру жөніндегі конференцияның Бас хатшысы Майкл Мёллер, Ядролық сынаққа жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы Даярлау комиссиясының Атқарушы хатшысы Лассина Зербо, Парламентаралық одақтың Президенті және PNND тең төрағасы Сабер Чаудхари, Панафрикалық Парламенттің Президенті Роджер Нкодо Данг, Болгарияның Вице-Президенті Маргарита Попова, Маршалл аралдары Нитиджелінің (Парламент) төрағасы Кенеф Кеди, Фиджи Парламентінің төрағасы Жико Фатафехи, Европа комиссиясының бұрынғы Президенті және Италия Премьер-министрі Романо Проди, Израильдің бұрынғы Премьер-министрі Эхуд Барак, Аустрияның бұрынғы федералдық канцлері Альфред Гузенбауэр, Польшаның бұрынғы Президенті Александр Квасьневский, Моңғолияның тұңғыш Президенті Пунсалмаагийн Очирбат және тағы басқа саяси тұлғалар қатысуда.

Шара соңында  конференция қорытынлысы бойынша құжат қабылданатын болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button