Басты ақпаратҚала тіршілігі

Баға мониторингі

Күзді күні саудагерлердің бағаны шамадан тыс өсіріп жіберетіні жасырын емес. Астана әкімі азық-түлік тауарларының бағасына қатысты есеп беру барысында бірнеше тауардың қымбаттағанын мәлім еткен болатын. Біз осы тұста халық жиі тұтынатын тамақ өнімдерінің бағасын салыстыру үшін бірнеше сау­да орындарын аралап шықтық. Нәтижесінде 5 кг ұн, қант, картоп, сиыр еті, сұйық май секілді тауарлардың ең арзаны «Шапағат» базарында саудаланатынына көз жеткіздік. Ал бағаның қымбаттығы жағынан «Әлем» мен «Астаналық» базар сауда орталықтары көш бастап тұр.
Айта кетер бір жайт, «Көк базарда» қанттың саудаланбағанына бір аптаның жүзі болып қалыпты. Ал ет мұнда мүлдем сатылмайды екен.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button