Елорда тынысы

Балаларды қуантты

«Керуен» сауда-ойын-сауық орталығында орналасқан кинотеатрда Нұр-Сұлтан әкімдігінің, «Кинопарк» кинотеатрлар желісінің, «SF food» тамақтану компаниясының, қаланың Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының және «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ астаналық филиалының қолдауымен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап тегін мультфильм көрсетілді. Балаларға «SF food» тағам компаниясынан тәтті тағамдар ұсынылды.

[smartslider3 slider=2556]

Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров, «Жас сарбаз» жастар әскери-патриоттық қозғалысының қалалық филиалының төрағасы ­Асхат Налшыбек қатысты. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осыған байланысты балалар үйінің 120 тәрбиеленушісі үшін «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығында іс-шара ұйымдастырылды» деді Асхат Налшыбек. «Киноға баратынымыз­ды айтқан кезде қатты қуандым және оны достарыма жеткіздім. Өте қызықты мультфильм болды» деп алған әсерімен бөлісті балалар үйінің тәрбиеленушісі Анатолий Поленик.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button