Басты ақпаратСаясат

Мемлекет басшысына есеп берді

Мемлекет басшысына есеп берді
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі ­Алтай Көлгіновті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы мәлімет берілді.

Президентке кезекте тұрған елордалықтарды қолжетімді баспанамен қамту, үш ауысымда оқыту мәселесін шешу, инвестиция тарту, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының аясында күшейтілген кері байланыс туралы баяндалды. Қала әкімінің айтуынша, биыл 10 мың әлеуметтік пәтер салынады. Бұл көрсеткіш бұрынғы жылдармен салыстырғанда едәуір артқан. Мысалы, 2020 жылы – 7 мың, 2019 жылы – 2900, 2018 жылы 1800 әлеуметтік пәтер пайдалануға берілген. Сонымен қатар биыл 40 мың оқушыға арналған 15 мектеп ғимараты пайдалануға берілген.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button