Мәдениет

Қабырғалы қаламгер

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 көпшілік кітапханасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Бұл мәдени шараға мектеп оқушылары мен политехникалық колледж студенттері қатысты. Оларға кітапханашы Запура Дайрабаева Сәкен атамыздың өмірі мен шығармашылығы жайында айтып берді. Өз кезегінде оқушылар да ақын өлеңдері мен поэмаларын мәнерлеп оқыды. Колледж студенті Ақерке Құлмағанбетова «Тау ішінде» әнін шырқаса, Мұхамед Набайбуллаев деген талапты жас Секен Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» күйін төгілдірді.
Кеш қонағы, білім беру ісінің үздігі Оспан Сүлейменов қайраткер туралы жиналғандарға жып-жылы әңгіме өрбітті.
Шара соңында оқырмандарға қабырғалы қаламгердің шығармашылығынан кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button