Білім

Үйірмелер тегін үйретеді

Елордада «Замандас» атты отбасы­лық аула клубтары ашылды. Олар «Өндіріс» тұрғын алабындағы кітапхана мен №49 орта мектеп базасында орналасқан.

Айта кетейік, бұл ау­ла клубтары «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен ашылған.
– Бұған дейін 3 аула клубын іске қосқан едік. Онда шамамен 2000-дай жеткіншек бос уақыттарын өткізетін. Сұраныс жоғары болғандықтан, шалғай аудандардың да қамын ойлап, тағы 2 клубтың тұсауын кестік. Мұнда келуші жастар үшін арт-терапия, хореогра­фия, шахмат, сәндік-­қолданбалы өнер, авиа­модельдеу, театр үйір­­месі, каратэ, домбыра, ушу-кунгфу, брейк, вокал, мәнерлі сөйлеуді дамыту, тоғыз­құмалақ, робототехника, ағылшын және қазақ тілі курстары секілді 20 түрлі үйірме бар, – дейді аталған қордың ресми өкілі Мирас Іргебаев.
Жоғарыда айтылғандардан бөлек, жаңадан ашылған «Замандас» аула клубтарының базасында ата-аналарға арналған «Бақытты отбасы» клубы да жұмыс істейді. Онда отбасында қолайлы жағдай жасауға, ересектер мен балалар арасындағы өзара түсіністікке бағытталған тренингтер мен консультациялар ұйымдастырылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button