Басты ақпаратСаясат

Қоқыс өңдейтін зауыт салынады

Нұр-Сұлтан қаласында 2022 жылдан бастап қоқысты қайта өңдейтін зауыт салу жобасы іске асырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында мәлім болды. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері қаралды.

[smartslider3 slider=721]

2022 жылдан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында қоқысты қайта өңдеу зауыттарын салу жобалары іске асырыла бастайды. Атмосфералық ауа сапасын жақсарту, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, елдің су объектілерінің экожүйелерін, биоалуантүрлілікті сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту жөніндегі шаралар «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасында көзделген.

Үкімет басшысы Ұлттық экономика министрлігіне 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі стратегияның пысықталған жобасын енгізуді тапсырды. Экология министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, қолданыстағы заңнаманың жаңа талаптарына сәйкес құрылыс полигондарын құру мәселесін пысықтау, сондай-ақ еліміздің 10 қаласында ірі кәсіпорындардың ластаушы заттар шығарындыларын азайту көрсеткіштеріне қол жеткізу және жол карталарын әзірлеу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды. Энергетика министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, жеке сектор мен шаруашылық жүргізуші субъектілерді газдандыру мәселелерін жандандыру тапсырылды.

Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2025 жылға қарай халықты газдандыру үлесі 60 пайызға жетеді, 11,7 млн адам газға қол жеткізеді. Барлық өңірлердің әкімдіктеріне экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі Жол карталары шеңберінде 2021 жылға жоспарланған барлық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button