Руханият

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ

5 қазанда «Ақылдың кілті. Өмір­дастан» телеэпопеясының екінші маусымы көрермен назарына жол тартады. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылды­ғына арналған жиырма сериалды телетуындының алдын ала көрсетілімі Астанада өтті.

4a8e9c0359d4c5dd6ce6f5b65addada1

– Жобаның тұсаукесерін «Тәуелсіздікке тарту» деп бекер атағанымыз жоқ. Те­ле­­­хикаяның өн бойында екі ғасырда қос әулеттің ба­сы­нан өткен түрлі тарихи оқи­ға­лары, сол кездегі саяси жүйенің әсері көрініс табады. Ата, әке, бала деген ұғымдардың қарым-қатынасы, ұрпақтар са­бақтастығы кеңінен қозғалады. Көпшілік көрерменнің ықыласы болар, отандық телехи­кая­лар­дың ішінде «Ақылдың кілті. Өмірдастан» былтыр рей­тингі ең жоғары жобалардың бірі болды. Сондықтан оқиғаның жалғасын түсіруде еш күмән тумады. Жобаның режиссері Мұрат Бидосов қазақ режис­серлері қолдана қоймаған ерекше тәсіл – параллелизмді сюжетіне арқау етті. Тәуел­сіздікке тартуымыз бұл ғана емес. Биыл Шәмші Қал­дая­қов туралы 4 сериалды көркем фильмнің тұсауын кесеміз. Ал келесі жылы Мұқа­ғали Мақатаев пен Қажы­мұқан Мұңайтпасов туралы теле­ви­зиялық жобаларды ұсынамыз, – дейді «Хабар» Агент­тігі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ринат Кертаев.

Телеэпопея Абайдың «Қара сөздері» философиясы негізінде түсірілген, дегенмен ұлы ойшылдың көркем туындыларының тікелей желі­сіне құрылмаған.

Екі параллель сюжеттік желіде түсірілген «Ақылдың кілті. Өмірдастан» телехикая­сын­дағы оқиға қазақтың соңғы ханы Кенесары мен елдегі көтерілістер төңірегінде өрбиді. Ал екінші тақырып – 1975 жылдан басталып, Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдармен аяқталады. Дәстүр бойынша фильмнің соңғы нүктесі Абайдың «Қара сөздерімен» түйінделіп отырады.

Басты рөлдерде Бауыржан Қаптағай, Дархан Сүлейменов, Ербол Идрисов, Әлия Даниярова, Гүлнар Жақыпова, Виталий Купрянов секілді белгілі театр және кино актерлері ойнайды. Телеэпопеяның екінші мау­сымы 5 қазаннан бастап дүй­сенбі-жұма аралығында сағат 19:40-та «Хабар» арнасынан көрсетіледі.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button