Басты ақпарат

САМАЛА ШАҺАР, САРЫ КҮЗ

Міне, Астананың күзі осындай. Сарғайған жапырақтар сананы мұңға бөлегенімен, салқын самал желі шаттық лебін себеді. 

erm_3955

Қазанның көркем сүгіретімен айшық­талған Сарыарқаның дархан даласының төсіне қона қалған самала шаһардың тұр­ғын­дарының көңілдері көк жайлау болып жүретіндері де сондықтан-ау, сірə!

Сіз де айналаңызға көз салыңызшы! Рас, кешегі жадыраған жаздың қабағынан кішкене де белгі жоқ. Есесіне ескілеу тартқан естелікті сағындыратын өзгеше бір сарын бар, саз бар. Бұл – тек Астанаға тəн сарын мен саз. Рас, сол көктемнің жаймашуақ күні көрінбейді. Бірақ тек астаналықтарға ғана бұйырған тəтті бір үміт бар. Иə, əлгі үміт қой əрқайсымызды күз таңымен бірге күндей жарқын істерге жетелейтін.

Рас, ызғарлы қыстың кіршіксіз аққа оранған табиғаты жоқ қазір. Алайда, бірде күрең, бірде сары, бірде қоңыр күздің саналуан кейпі сізді бəрібір ғашық қылып қояды. Айналаңызға ғашық қылады! Адамдарға ғашық боласыз! Ғаламат емес пе? ..

Асхат РАЙҚҰЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button