Елорда тынысы

Юнус Эмреге ескерткіш қойылды

Астанадағы Ататүрік саябағында түркі әлемінің қалыптасуына еңбек сіңірген тарихи тұлға, ХІІІ-ХІV ғасырларда Анадолыда өмір сүрген осы түркі әлемінің ойшылы, философы, сопылық ілімін жалғастырушы Юнус Эмренің ескерткішінің ашылу салтанаты өтті.

Аталған іс-шараны ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық түркі академиясының президенті, танымал түрколог, академик Дархан Қыдырәлі құттықтау сөзімен ашты. Ол Мұстафа Кемал Ататүріктің «Бір уақыт келеді, Кеңестер одағы да құлайды, сол кезді күтіп отыра бермей, біз өзіміздің көпірлерімізді құра беруіміз керек. Тіл – біздің көпір, тарих – біздің көпір, дәстүр мен мәдениет – біздің көпір» деген сөзін еске салып, «дәл Астана көпірі жанынан орын алған ескерткіштің тіліміздің, тарихымыздың, мәдениетіміздің көпірі, шын мәнінде түркі әлеміне алтын көпір болады» деп үміттенетінін айтты.

Ескерткіштің салтанатты ашылуына арнайы қатысқан Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу сөз сөйлеп, алғысын білдірді.

Түркі жұртына ортақ ұлы тұлғаның ескерткішінің жібек бауын кескен тарихи сәттен соң, елшілік және елорда әкімшілігі атынан гүл шоқтарын қою рәсімі болды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button