Қоғам

Жалған анықтама жарға жығады

Ешкімге құпия емес, уақыттың тапшылығын желеу етіп, жеңілдің үстімен жүгіріп өткенді жақсы көреміз. Жалған анықтама сатып алуды сыбайлас жемқорлыққа апаратын тура жол деп ойламаймыз. Қарап отырсақ, осы арқылы тек өзгені ғана емес, өзімізді де алдап жүргенімізді де түсінбейді екенбіз.

Барша қызметкерлерден талап етілетін 086/е медициналық анықтамасы мен денсаулық кітапшасын сатып алудың артында не тұр? Бұл тек дәрігердің қолы қойылған жай қағаз ба? Бұл – түсінгенге адамның жұқпалы аурулары жоқтығын дәлелдейтін құжат. Ол флюорографиядан өтіп, қан тапсырып, бірнеше маман-дәрігерлердің анықтауынан кейін қолы қойылып, берілді. Бұл – қоғам­да барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын және денсаулығына қауіп төнбейтініне сенімді болуын қамтамасыз етудің басты шарты.
Осы тақырып көтерілген баспа­сөз-конференциясында ҚР Мемле­­кеттік қызмет істері және сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің орынбасары, «Астана – адалдық алаңы» жоба жетекшісі Жазира Жылқышиева:
– Олар жұмысқа орналасу барысында нақты құжаттарды ұсынды ма? Денсаулық жағдайы туралы барлық ақпаратты шынымен көрсете ме? Бүгінде арнайы ниетпен медициналық анықтаманы, денсаулық кітап­шасын немесе науқастық демалыс парағын сатып алу мүмкіндігі бар. Тіпті аталған құжаттардың сатылатындығы жөнінде интер­нет желілерінде ашық жария­ланғаны туралы айта кету керек, – деді.
Алдағы уақытта аталған жағ­дайды жою мақсатында жоба мамандары Сыбайлас жем­қор­­лыққа қарсы ұлттық бюро­ның Астана қаласы бойынша департаментімен бірлесіп жедел алдын алу шараларын жүргізуді жоспарлап отыр. Оған түрткі болған жайт, Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің департаменті заманауи компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, жалған медициналық құжаттарды жасайтын адамдардың қылмыстық тобын әшкереленген еді. «Тінту жұмыстарын жүргізу барысында департамент қызметкерлері 086/е нысан бойынша медицина­лық анықтамадан 200 бланкі, 190 санитарлық кітапша, медици­налық мекемелердің 80-нен астам мөр және дәрігерлердің жеке мөрлерін, медициналық талдау нәтижелерін, флюорогра­фиялық суреттер, медициналық диагнозы бар ескерту күнде­ліктері және басқа да фактілерді анықтады. Қазіргі күнде сот­қа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілу­де.
– Көріп отырғандарыңыздай, медициналық анықтамалар және санитарлық кітапшаларды арнайы дағдылар мен техниканың көмегінсіз адам үй жағдайында дайындайды. Енді талай азамат­тың, мигранттардың осындай куәліктерді күніне, аптасына немесе жылына қанша дана қол­данғанын елестетуге болады. Ста­тистикалық мә­ліметтерге сәй­кес, 2017 жылы Астана қала­сының 11 емханасы №086 нысан бойынша 29099 анықтама берді. Күніне шамамен 79 анықтаманың берілгенін көрсетеді. Бұл қызмет ақылы түрде және оның орташа бағасы 7 мың теңгені құрайды. Аталған іс-шарамызда біз ашылған бір жағдайда ғана орта есеппен күніне 10-ға жуық, яғни жылына 3650 анықтама берілетінін анықтадық. Қа­рапайым мате­мати­калық есептеу­лермен біз Астана қа­ласы­ның емханалары жылына 25550000 теңгеден астам соманы жоғалт­қанын көре аламыз. Бұл тек бір ғана №086 нысан бойынша анықтама үшін. Бұл қаражат емханаларда науқастар үшін қолайлы жағдай жасауға немесе дәрігерлердің жалақыларын жақсартуға мүмкіндік берер еді. Бұл – мәселенің бір жағы ғана» деп Жазира Жылқышиева істің мәнін айтты.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button