Басты ақпарат

Жеңіл рельсті трамвай жобасы тоқтамайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында елордадағы жеңіл рельсті трамвай (ЖРТ) жобасына қатысты ой-пікірін айтты.

Президенттің пайымдауынша, халық үшін ыңғайлы, тиімді және қажетті көлік түрін жасаудың орнына, құны қымбат ЖРТ жобасы ұсынылған. «Менің түсінуімше, білікті мамандардың, сәулетшілер қауымының ұстанымы ескерілмеген. Әкімдіктің мәліметі бойынша, ЖРТ арқылы бір тәулікте тасымалданатын жолаушылар ағыны 146 мың адамды құрайды. Қазіргі кезде осыған ұқсас бағдар – әуежайдан вокзалға дейінгі жолаушылар ағыны 2 мың адам. Сонда жолаушылар ағынын 70 есеге қалай ұлғайтасыңдар? Маған түсініксіз нәрсе осы болып тұр» деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Президент өзін-өзі ақтамайтын жобаның мемлекетке масыл болатынын да жоққа шығарған жоқ. «Айтпақшы, осы жобаға жұмсалуы керек болған Астана банкіне салынған қытайлық несие – 100 млрд теңгенің желге ұшқанын бәріміз білеміз. Алайда ЖРТ жобасы тоқтатуға келмейді. Үкімет әкімдікпен бірлесе отырып, осы мәселеге нүкте қойып, нақты ұсыныстарын енгізуі тиіс. Осындай жобаны Үкіметке ұсынған жауапты адамдар құқық қорғау органдарының сұрақтарына жауап берсін. Сондай-ақ бұл мәселеге Парламент депутаттары да пікір білдіргені жөн» деді Қ.Тоқаев.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button