Білім

Үздік педагог

Шыны керек, әр пәнді, әрбір жаңа нәрсені үйретуде педагогтың рөлі зор. Мұғалімдер күні қарсаңында біз оқырмандарымызды қаламыздың көрнекті педагогтарымен таныстыруды жалғастырамыз. Олардың әрқайсысы өз ісіне берілген және өз өмірін шәкірттерсіз көзге елестете алмайды.

Біздің бұл жолғы кейіпкеріміз – педагогикадағы жаңашыл бағытты қолдайтын жас маман, биология пәнінің мұғалімі, зерттеуші-педагог Уәлихан Калходжаев. Шәкірті Омар Дінмұхаммед – дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы, биологиядан халықаралық олимпиаданың жүлдегері.

«Білім беру, оқыту – жауапсыздық пен қателікті көтермейтін нәзік жүйе, ол – адам тағдыры. Оқыту, білім беру – үнемі мұғалімнің ізденісін, шығармашылық шыңдалуын талап ететін күрделі үрдіс» дейді Уәлихан Нұрмұханбетұлы бізбен әңгімесінде.

Уәлихан Калходжаев – Назарбаев университетінің 2018 жылғы түлегі. Астана қаласы әкімдігінің дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында биология пәнінің мұғалімі.

Жетістіктері: ҚР БҒМ алғыс хаты (2021 ж.); «Дарын» РҒПО алғыс хаты (2021 ж.); Астана қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының алғыс хаты (2021, 2022 жж.); Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының алғыс хаты (2021 ж.); Нұр-Сұлтан қаласы «Білім-инновация» лицей-интернатының алғыс хаты (2022 ж.); Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының алғыс хаты (2019 ж.);

У.Калходжаев Нұр-Сұлтан қаласындағы биология пәні мұғалімдері арасында өткен қалалық съезде «Үш тілділік – білім беру дамуының жаңаша бастауы» тақырыбында тәжірибесімен бөлісіп, көптеген алғысқа ие болды.

Уәлихан Калходжаев 2018 жылдан бастап қазақстандық білім беру саласында еңбек етіп келеді. 2020 жылдың қыркүйегіне дейін Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінде биология пәнінен сабақ берді. Екі жылдан бері Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында биология пәні мұғалімі болып қызмет атқарады. Еңбек жолында ол өзін саналы, жа­уапкершілігі мол, талантты, креативті қызметкер ретінде көрсете білді.

Жас маман лицейде жұмыс істеген алғашқы күннен-ақ еңбекқорлығы және адалдығымен ерекшеленді. Жоғары білімі, көшбасшылық қасиеттерімен әріптестерінің арасында көзге түсті. Оның таланты, еңбекке, оқушыларына деген сүйіспеншілігінің арқасында ұжым мен басшылықтың, оқушылардың, ата-аналардың тарапынан құрмет пен алғысқа бөленді.

Білім алушыларының жетістіктері: биология пәнінен республикалық олимпиада І орын (2021, 2022 жж.), ІІІ орын (2022 ж.); биология пәнінен халықаралық олимпиада ІІ орын (2022 ж.); жасөспірімдер арасында халықаралық олимпиадада ІІІ орын (2021 ж.); жасөспірімдер арасында халықаралық олимпиада ІІ орын (2021 ж.).

Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттің бірі. Ендеше осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді.

«Алты Алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын – мұғалімдікі» дейді Мағжан Жұмабаев. Қажырлы еңбектеріңіз бен мамандыққа деген адалдықтарыңыз үшін алғыс

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button