БілімЖаңалықтар

Білім ошақтарының әзірлігін тексерді

Қалада барлығы 108 мектеп бар. Орташа жөндеу жұмыстары 24 мектепте, ал күрделі жөндеу жұмыстары 8 мектепте жүргізіліп жатыр. Алдағы 5 жылға 40 білім беру нысанының құрылысы жоспарланған. Елордада 162 мың оқушы оқиды. Қыркүйек айында 1-сыныпқа тағы 24 мың бала барады деп күтілуде.

Жаңа оқу жылы қарсаңында қала әкімі Алтай Көлгінов елордалық мектептерді салу және жөндеу жұмыстарын тексерді. «Көктал-2» тұрғын үй алабындағы қосымша ғимарат №68 мектептің үш ауысымда оқыту мәселесін шешіп береді. Ол 500 орынға есептелген. Ғимаратта кең сыныптар, асхана және спорт залы болады. Балалар жаңа корпуста оқу жылының басынан бастап айналыса алады деп жоспарлануда. Тек спорт залы еден жабынының жұмысына байланысты ке­йінірек тапсырылады. Бұрынғы мектеп ғимараты 2011 жылы 800 оқушы орынға салынған.

№40 мектептің қосымшасы 800 орынға, ал мектеп ғимаратының өзі 700 орынға есептелген. Пайдалануға жыл соңында беріледі. Мектептер жиһаздармен және техникалық жабдықтармен қамтылған.

Мұның алдында қала басшысы А.Иманов пен Е.Брусиловский көшелерінің қиылысындағы мектеп пен «Мичурин» тұрғын алабында орналасқан мектеп құрылыстарының барысымен танысқан болатын. Оның ашылуы екінші тоқсанға жоспарланған.

№30 мектеп-гимназиясы 40 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді, мекемеде күрделі жөндеу жұмыстары бірінші рет жүргізілуде. Білім ошағы ғимаратының қасбеті жөнделіп, терезелер, есіктер ауыстырылды, қабырғалар тегістелді, желдеткіш орнатылды. Сондай-ақ оның шатырын жөндеу жұмыс­тары жүріп жатыр. Сонымен қатар сумен қамтамасыз ету, электр жүйелері ретке келтірілді, өрт дабылы орнатылды.

Осындай жұмыстар №32 мектеп-гимназиясында жүргізілді. Мердігерлер ғимараттың барлық батареяларын, жарықтандыру шамдарын және едендерді ауыс­тырды. Аумақта қысқы уақытта спортпен шұғылдану үшін хоккей корты бар.

Сондай-ақ әкім мектепке де­йінгі білім беретін мекемелердің жол мен инженерлік желілердің құрылысымен танысты. Жалпы ұзындығы шамамен 2 км құрайтын жаңадан асфальт төселген жол тұрғындар үшін оқу орнына жетуді жеңілдетеді. Ол жерлерде тұрақ орындарын абаттандыру және көше жарығын қосу жұмыс­тары жүргізілуде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button