Жаңалықтар

Көшедегі мүсіндер

Елордадағы мүсіндер пішінімен ғана емес, кең ауқымды композицияларымен де назар аудартады. Осыдан оншақты жыл бұрын Ж.Тәшенов көшесіндегі скверде орналасқан «Астана» образындағы қазақ қызының мүсініне тоқтай қалып қарайтынбыз. Одан басқа оң жағалаудан орын тепкен қытай жұлдыз жорамалы негізіндегі жануарлар бейнесіндегі композиция, музыкалы фонтанның айналасындағы цирк әртістері мен жануарлардың және ортасында алтын түсті эквилибрист ұлдың мүсінінен тұратын «Цирк» композициясы бас қалаға ерекше көрік береді.

Бұл күнде елорда көшелерінде қала тұрғындары мен қонақтары үшін көз тоқтатып қарайтын шағын мүсіндер көп. Оның көбі «Қазақстанның шағын архитектуралық формалары және Астананың сәндік мүсіні» байқауының нәтижесінде пайда болғаны белгілі.

Сол жағалауға келсек, «Ға­шықтар саябағындағы» қыз бен жігіт, «Алтын жүрек» мүсіні туристердің сүйікті орнына айналған. «Қалалықтар» серия­сы мүсіндерінен Бәйтеректің маңындағы басына бейсболка киіп, мольбертке беріле сурет салып отырған «Суретші қызбен» суретке түсетін жастардың қарасы әсте азаймайды. Сондай ақ дөңгелек алаңдағы «ғашығымен кездесуге асыққан қыз», сырласып отырған ғашықтар, демалып отырған адам – қала өмірін бейнелейді. Көпірдің астынан далаға шаба жөнелетіндей боп тұрған бір үйір жылқы, қобыз тартқан бақсы, көшпенділер – түркілердің өткен тарихынан әсер береді.

«The Ritz-Carlton» қонақүйі алдындағы айбарлы арыстандар, «Hilton Garden» алдындағы құмырсқаның мүсіні ерекше көрікті. «Rixos» қонақ үйі алдындағы алтын төгілген құмыра еліміздің байлығын, ұлы жібек жолын бейнелейді. Орталық саябақтағы орындыққа жайғасқан үш маймыл, Астана циркі ауласындағы Қаңбақ шал, Алдар көсе, Қожанасыр, Мақта қыз бен мысық, Күнікей қыз бастаған ертегі кейіпкерлері қала қонақтары мен шетелдіктерді жағымды әсерге бөлейді.

Жадыра ШАМҰРАТОВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button