Басты ақпаратЖаңалықтар

Ипотека төлеудің мүмкіндігі қандай?

Бүгінде елімізде екінші деңгейлі банктен ипотекалық несиеге үй алып, енді оның ай сайын­ғы төлемін төлей алмай жүр­ген­дер баршылық. Жалғыз бас­па­насының қарызын жаба алмай, жабығып жүрген жандарға енді мемлекет қол ұшын бермек.

141440680032

2015 жылғы 11 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Ұлттық банкке Үкіметпен бірлесіп, ипотекалық қарыз алушылардың проблемасын шешу жөнінде шаралар кешенін әзірлеуді тапсырған болатын. Осыған орай Ұлттық банк екінші деңгейлі банктердің ипо­текалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыруға 130,0 млрд теңге бөлді.

Мемлекеттен берілетін көмек жайында кеше Парламент Мәжілісінде ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев хабардар етті. «Жеке блок­та қаржылық сектор бойынша түзе­тулер көзделген. Олар «Қайта қар­жыландыру бағдарламасы» шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыз­дары бо­йынша банктер алдында мерзімінен кешіктірілген берешегі бар қарыз алушыларға көмек көрсетуге бағыт­тал­ған. Бұл аталмыш бағдарламаны іске асыруға кедергі келтіріп тұрған проб­лема­лық мәселелерді шешіп, халықтың әлеуметтік осал топтарының жалғыз тұрғын үйін сақтап қалуға мүмкіндік береді» дейді Қуандық Бишімбаев.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button