ӘлеуметБасты ақпарат

Іздесең жұмыс табылады

Астанада бүгінгі таңда 3 мың жұмыс орны бар. «Еңбек мобильділігі орталығы» қала тұрғындарына жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру бойынша 9 негізгі бағытта қызмет көрсетеді. Осы мақсатта бірқатар жобалар жүзеге асырылып келеді.

Астана қаласында тұрғындарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру іс-шаралары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде «Еңбек мобильділігі орталығы ҚММ директоры Олжас Омар айтып берді. Бүгінгі таңда елордада мынадай негізгі бағыттарда бірқатар жобалар жүргізіледі.

  1. «Бірінші жұмыс орны» – алғаш жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздарға жұмыс орнын және қажетті еңбек дағдыларын беруге бағытталған жоба. Кепілдендірілген жалақы – 30 АЕК (110 760 теңге) құрайды.
  2. «Жастар тәжірибесі» – колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектеріне мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін арналған. Кепілдендірілген жалақы – 30 АЕК (110 760 теңге) құрайды.
  3. «Ұрпақтар келісімшарты» – зейнеткерлік жасқа толған жұмыс істеп жүрген қызметкерді кейіннен ауыстыра отырып, оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға арналған. Кепілді жалақы – 30 АЕК (110 760 теңге) құрайды.
  4. «Қоғамдық жұмыстар» – жұмыссыздарға, жалпы білім беретін мектептердің студенттері мен жоғары сынып оқушыларының оқудан тыс бос уақытқа арналған. Кепілді жалақы – 35 АЕК (129 220 теңге) құрайды.
  5. «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасы – жұмыссыздарға, соның ішінде азаматтардың әлеуметтік осал санатындағы адамдарға арналған. Жалақыны Мансап орталығы жартылай төлейді, бірақ 20 АЕК-тен аспайды (73 840 теңге).
  6. «Күміс жас» жобасы 50 жастан асқан жұмыссыздарға арналған. Жалақыны жұмыс беруші белгілейді, бір бөлігін Мансап орталығы төлейді.

Бұдан бөлек, маңызды бағыттардың бірі – кадрларды даярлау және жұмыссыздарды кәсіптік оқыту.

Кәсіби оқыту екі бағытта жүзеге асырылады:

– жұмыс берушілердің өтініші бойынша білім беру ұйымдарында;

– жұмыс берушілердің жұмыс орнында.

Кәсіби оқытудың артықшылығы 32 681 теңге көлемінде төленетін шәкіртақы.

Оқытудан кейінгі жалақы – 20 АЕК (73 840 теңге).

Сондай-ақ орталық халықтың әлеуметтік осал тобына жеке бизнес ашуға гранттар береді. Мұндай көмек бір рет көрсетіледі.

Жастарға қолдау көрсету тетіктерінің бірі – несие беру. Шағын несие 21 мен 35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.

Бағдарламаға жұмыс істейтін жастардың өкілдері қатыса алады.

Астана қаласының «Еңбек мобильділігі орталығы» ҚММ директорының айтуынша, орталық өз құзыретінде жұмыссыздарға жұмысқа орналасуға тек жәрдемдесу қызметін атқарады. Орталықтың мәліметінше, бүгінгі таңда Астанада 3 мыңнан астам бос жұмыс орны бар.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button