Ел тынысы

«Керей мен Жәнібек» комиксі таныстырылды

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Керей мен Жәнібек хандар туралы комикстің тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Комикс авторы 21 жастағы Ілияс Юсупжановтың айтуынша, отандастарымыздың көпшілігі мектеп қабырғасында оқыған қазақ тарихына қатысты деректерді бүгінде ұмытып қалған. Сондықтан да олардың жадында тарихи деректерді жаңғырту үшін «Отандық 100 комикс» жобасы қолға алынып отыр.

«Алматыда комиксімді оқып үлгерген мектептер бар. Алғашқы тұсаукесері де сол жақта өтті. Оқушыларға Қазақ хандығының тарихына қатысты сауал қойғанымда көпшілігі жауап беруге дайын болды. Меніңше, бұл «Керей мен Жәнібек» комиксінің нәтижесі», – деді жас қаламгер.

Ұлттық академиялық кітапхана басшысы Ғазиза Нұрғалиева мұндай комикстер балаларды күрделі әдеби шығармаларды оқуға дайындауға тамаша мүмкіндік екендігін айтады. Оның пайымынша, комикс оқиғаны суреттермен сипаттау арқылы-ақ жастардың арасында өте танымал болып тұр.

«Алматыда комикстер бұрышын ашқан едік. Дүкендер әртүрлі жанрдағы 500 комикс берді. Дәл осы бұрыш жасөспірімдер мен балалар арасында барлық уақытта да өте танымал. Енді осы жерде де сондай бұрыш ашып, жастарымызға қазақтың ұлттық батырларын танытқымыз келеді», – деді Ғазиза Нұрғалиева.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button