Ел тынысы

Әлмұқан Сембиновқа – 100 жыл

Кеше Астана қаласының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Даңқ орденінің толық иегері Әлмұқан Сембиновтың 100 жылдығына арналған «Ерлігі – ұрпаққа ұран» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Іс шараға Әлмұқан Сембиновтың жиені (туған қарындасы Мария Сембинованың қызы) Алтаева Бақыт Батталқызы, Әлмұқан Сембиновтың немересі (үлкен қызы Римма Сембинованың қызы) Клименко Руслана Руслановна, Астана қаласының Тілдерді дамыту және Архив ісі басқармасының Архив ісін ұйымдастыру бөлімінің басшысы Жангүл Құдабайқызы, Ұлттық Қорғаныс университетінің аға оқытушысы, т.ғ.к. Асқар Советханұлы, Астана қаласы Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мұрат Ыспанқұлұлы, «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ директоры Мұхтар Еркетаев, Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің өкілі, запастағы полковник Ғани Асылбекұлы Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің мүшелері, «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары қатысып, тарихқа шолу жасап, ой толғандырар естеліктерімен бөлісті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа, аталар ерлігін мақтан тұта жалғастыруға, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған тұлғаны қалыптастыру, өзінің тарихын, елін, жерін, өсиетін құрметтеуге баулу.
Іс шара нәтижесінде Әлмұқан Сембиновтың отбасылық архиві құжаттары негізінде ұрпағымен бірлесе отырып жеке қорын ашу туралы шешім қабылданды.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button