Басты ақпаратЖаңалықтар

КЕЗЕКТІ СЕССИЯ БАСТАЛДЫ

в открытии сессии

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында бесінші сайланған Парламенттің төртінші сессиясы 2 қыркүйек күні ресми түрде ашылды. Парламент сессиясын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ашты.

Отырысқа Сенаттың 47 депутаты, Мәжілістің 107 депутаты, ҚР Үкімет мүшелері, Жоғарғы сот, Конституциялық кеңес, Орталық сайлау комиссиясы төрағалары, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, ұлттық басқарушы компаниялардың басшылары қатысты. Елбасы төртінші сессияда бірқатар жаңа депутаттардың Қазақстан халқы алдында берген антын қабылдады.

Президент төртінші сессия кезінде қарастырылуы қажет басымдыққа ие заң жобаларын атады. Олардың қатарында жер қойнауын пайдалану мәселелері, ауыл шаруашылық кешенінде өнімділікті арттыру үшін салық заңнамасына өзгерістер жиынтығын енгізу, автономды білім беру мекемелерінде академиялық басқару жүйесін жетілдіру, халықтың көші-қоны жөніндегі заң жобалары бар.

Сондай-ақ, Елбасы Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына қосылуына байланысты міндеттерді іске асыру аясында озық әлемдік тәжірибені ескере отырып, құрылымдық реформалар бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін айтты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button