Басты ақпаратСаясат

Н.Назарбаев Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады

d39949248b01d6e4eb8dff3fe75df45c

Кездесу барысында министрлік қызметінің негізгі бағыттары, соның ішінде дін саласындағы заңнамаларды одан әрі жетілдіру шаралары талқыланды.

Елбасы министрліктің дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі жұмыс тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ мәдениет саласын жан-жақты дамытудың, ел азаматтарының патриоттық рухын нығайтудың маңыздылығына назар аударды.
А.Мұхамедиұлы қазіргі уақытта діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы заңнамаға жүйелі өзгерістер енгізу жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрі Қазақстан Президентіне ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары мен Қазақстан спортшыларының алдағы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына дайындығының барысы туралы баяндады.
Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

akorda.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button