Ел тынысы

Партия белсенділері марапатталды

21 маусым күні «AMANAT» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалында партия белсенділеріне Мемлекет басшысының арнайы алғыс хаттары табысталды. Марапат ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізуді қолдауда үлес қосқандарға берілді. Ал олар, саяси кеңес мүшелері, БПҰ төрағалары, ұйым белсенділері мен ардагерлері, елордалық филиал қызметкерлері және жастар мәслихатының депутаттары.

[smartslider3 slider=3309]

 

Марапаттарды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов арнайы табыстады. Өңір басшысы бір мақсат, бір мүддені көздеген айтулы кезеңде бірігіп жұмыс атқарған әріптестерге алғыс білдірді. Республикалық және өңірлік партиялық штабтардың жұмысын ұйымдастыруда үлес қосқан барша қатысушылардың жүйелі жұмысын атап өтті. Ел болып бірігіп, жұдырықтай жұмылған жұмыстың нәтижесін қорытындылап, жалпы, референдум аясында атқарылған жұмыстар мән-мағынаға толы болғанын баса айтты.

«AMANAT» партиясы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Өркениет» филиалының атқарушы хатшысы Мария Утебаева:

«Барша әріптестерімді алған марапаттарымен құттықтаймын. Әрқайсысы өз саласының маманы, елім деп тұрған азаматтар. Атсалысқан әрбір жан конституциялық реформаны табысты жүзеге асыруға және Жаңа Әділетті Қазақстанды құру ісіне зор үлесін қосты.

«Жалпы, саяси және басқару жүйесіндегі реформаларға құқықтық негіз беретін референдумның маңызы зор. Бұл – Қазақстанның болашағын айқындайтын қадам. Конституцияға енгізілгелі отырған өзгерістерде мемлекеттің басты капиталы – халқы және елдің, жердің иесі де сол халық екенін айқындайтын басымдықтар бар. Жалпы Ата Заңдағы 98 баптың 33-і өзгертілмек. Бұл елдегі саяси жүйені құқықтық тұрғыда бекітеді.

Өзгеріс өзімізге керек. Күні кеше өткен референдумның мәні мен маңызы Конституциямызға енгізілетін өзгерістерді бекіту болды» деген ойымен бөлісе кетті.

[smartslider3 slider=3299]

 

Еске сала кетейік, референдум аясында «AMANAT» партиясы тұрғындармен 12 мыңнан астам кездесу өткізіп, партия жанынан республикалық және аймақтық 200-ден астам штаб құрылды. Оның ішінде, Amanat-тың қалалық филиалының мәслихат депутаттары, саяси кеңес мүшелері, белсенділері, БПҰ төрағалары қатарынан жеке партиялық штаб құрылып, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының желілік кестесі әзірленді. Мәжіліс және қалалық мәслихат депутаттары елордамыздың бірқатар кәсіпорындары мен мекемелерінде кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ал 20 маусым күні Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының басшысы Ерлан Қошановтың төрағалығымен партия фракциясының кезекті жиналысы өтті. Онда референдум аясында атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалып, болашақ жоспарлар нақтыланды. Сонымен қатар, Қазақстан Респуб­ликасы Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтайдың қорытындылары талқыланды.

Онда Е.Қошанов фракция мүшелерінің бүкіл аймақтарды аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, референдумды абыроймен өткізуге белсенді қатысқанын атап өтті.

– Бұл кешенді жұмыстың басы ғана. Біздің алдымызда нақты әрі ауқымды міндеттер тұр. Ең әуелі – Конституциялық реформаларды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуіміз керек, – деді «AMANAT» партиясының Төрағасы.

Ал «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов: «Барлық кездесулер еркін, ашық форматта жасалды. Біз олардың санына емес, сапасына мән бердік. Конституциялық өзгерістерді халыққа түсінікті тілмен жеткізуге тырыстық. Кеше азаматтар өз таңдауын жасап, елдің болашақ даму жолына қатысты шешім қабылдады. Осы арқылы еліміз «Жаңа Қазақстанның» іргетасын қалады. Алда көп жұмыс, үлкен міндеттер тұр.

Референдумның нәтижесі бойынша Ата Заңның 33 бабына 56 өзгерістер мен түзетулер енгізіліп, 2 бөлімнің атауы жаңарады, «Ауыл» партиясы қоғам үшін маңызды мәселелерге ұсыныстарды дайындап, барлық қоғамдық талқылауларға қатысатын болады. Партия төрағасы Әли Бектаев осыны жеткізді. Саяси партияларға қатысты заң жобасынан бастап, халықты әлеуметтік қорғау мәселелеріне дейін заңдарға партия тарапынан құрылған жұмысшы топтар тікелей атсалысады. Сонымен қатар сайлау мен партия туралы заңдарға да өз ұсыныс пікірлерін жолдайды» деді.

Айта кету керек, жалпыұлттық референдумды қолдау мақсатында еліміз бойынша 218 партиялық штаб құрылып, 12 мыңнан астам іс-шара өткізілді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button