Басты ақпарат

Қалыңсыз қыздың қадірі бола ма?

Жақында белгілі ғалым Жамбыл Артықбаевтың қалың малды жаңғырту қажеттігі туралы мақаласы жарық көрді. «Қалың мал туралы бізде теріс пікір қалыптасқан. Оған себеп те бар. Қазақ отбасы ХІХ ғасырдың ортасынан бастап бірнеше үлкен соққыны бастан өткерді. Біріншіден, әскери отарлаудың барлық қанды оқиғаларын бастан кешірді. Екіншіден, сауда капиталы мен өсімқорлық енді. Үшіншіден, осы екеуі қосылып, қазақтың көп бөлігі кедейленді.

Осы себепті отбасы және неке жүйесінің дағдарысы басталды, әлеуметтік проблемалар күшейді, әйел тағдыры ауырлады. Сауда капиталы қазақ әйелін тауарға айналдыра бастады. Қазақтың уақытында төленбеген қарызы үшін татар мен сарт саудагерлері қыздарын, қатындарын әкететін болды. Кедейлік қамытынан құтыламыз ба деп қазақ қыздарын «қалың мал» деген сылтаумен сатуға айналды.
Бұл мәселелердің түбіне бойламаған қазақтың алғашқы жазушылары қалың малды жау көрді. Қазақ газеттерінде жас қыз­дардың егде тартқан адамдарға тұрмысқа шығуы, кедей қыздарының тоқал болып басқа үйдің табалдырығынан аттағанда көрген бейнеті барынша сыналды. Әрине, сұрқай көріністер бар еді. Осыны пайдаланып Кеңес өкіметі 1920 жылы «Қалың малды жою» туралы декрет қабылдады. Ал қалың мал қазақтың отбасы мен неке қарым-қатынастарының негізгі арқауы болатын. Бұл жерде мен Ресей генштабының полковнигі, аналитик М.Красовскийдің 1868 жылғы жарияланған пікірін ұстанамын: «Этот уплачиваемый женихом капитал в вещах, деньгах, скот и прочее называется калымом. Он нужен отцу отпускаемой замуж, часто даже без ее согласия, дочери, во первых, как доказательство состоятельности жениха, другими словами – отцу невесты надобно убедиться в том, что будущий зять наделен от своего отца имуществом и следственно в состоянии содержать семейство. Во вторых, чем больше калым, тем труднее выплатить его сразу, а уплачивая по частями и притом всегда лично, жених… в период уплаты калыма, часто посещая невесту и имея достаточно времени для того, чтобы сойтись с нею, он в тоже время по обычаю должен…привозить с собою подарки для родственников невесты; таким образом, знакомство или, вернее сказать, тамырство между двумя, прежде может быть совершенно чуждыми, родами с каждым днем все более и более упрочивается. В-третьих, при помощи калыма у иных бедняков устраивается приличное приданое, которое, таким образом, нисколько и никогда не уступает калыму, а у многих даже превосходит его (отау үй де жасау құрамына кіреді – Ж.А.). Женино же приданое, по обычаю народному, священно: оно ни в каком случае не может быть отчуждено в пользу детей киргиза от другой жены, или в чью-либо пользу, но всегда составляет неотъемлемую собственность жены, за которую взято, и ее потомства, так что хотя приданое иногда делается собственно и на счет жениха, но между тем дело это в таком виде не выглядывает, и последний, при разладе с женою, никогда на ее имущество не посягает… Калым, в сущности, должно считать одною из обдуманнейших мер обеспечения семейства, одним из лучших обычаев полудикого народа». Мен қалың малға қатысты осы М.Красовскийден мықты жазған адамды оқығаным жоқ. Қазіргі күні қалың малды жаңғырту қоғамды жаңғыр­тудың бір құралы болуы мүмкін. Неге десеңіз, қыз құнды болады. Бұл – басты мәселе. Екіншіден, қалың мал дегеніңіз – бір бөлмелі үй, егер сіз қырық жеті төлесеңіз, қырық жеті шаршы метр отау аласыз, отыз жеті төлесеңіз – отыз жеті шаршы метр, жиырма жеті төлесеңіз – жиырма жеті шаршы метр, яғни жас отбасы бірден шағын үйге ие болады. Қалың мал жинау әр қазақтан меншік иесі болуды талап етеді, яғни әлеуметтік жауаптылық күшейеді, әр қазақ меншік иесі болу үшін күреседі» деп аяқтапты.
Ә дегеннен тарихшының ойын құптай кеткендер шамалы болды. Ұзын-сонар талқыға да түскен жоқ. Түсінікті де. Қызға қалың беру көп адамға ерсі көрінеді. Өз қызын сатты деп сынайтындар да бар. Бұл ретте, адам саудасы емес, жас отбасының материалдық жағынан қолдаудың бір жолы екенін ойламайды. Қалың беріп, қыз алған ұтылмайды. Берген «малы» жасауы болып қайта оралады.
Жалпы алғанда, «қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз жоқ» деп бұл дәстүрден қол үзбей келе жатқандар аз емес. Соның бірі – оңтүстік, батыстағы ұлт дәстүрін берік ұстанған облыстың тұрғындары арасында бұл дәстүр үзілген жоқ, қал-қадерінше қалыңын беріп, жасаулатып келін түсіріп, қыз ұзатып жатыр. Статистика бойынша осы өңірлерде ажырасу да аз екен.
Қалыңы төленген қыздың қадірі болады. Мұндайда адам алып жатырмын ғой деп қайын жұрты тартынбаған. Келсе де, кетсе де бар-жоғы білінбейтін қадірсіз емес, кәдесі жасалған келін түскен жеріне тез сіңіп кетіп, артына қарайламауына да қалың малы әсер етеді.
Қалың малдың тағы бір салмағы бар. Жат жұрттық тәрбие­леп отыр­ған ата-ананың жауапкершілігі артады. Қыздың бей-берекет жүрісіне тыйым салынады, отбасындағы орнына мән беріліп, болашақтағы үй-жайдың иесі ретінде өз рөліне дұрыс қарай бастайды. Яғни тұрмысқа шығу базар аралап келгендей емес, өте жауапты қадам екенін сезінетін болады. Мұндай жағдайда «жараспаса ажырасар» деген сөз мүлдем ұмытылады. Осы сөз көп шаңырақтың опырылып, ортасына түсуіне себеп болып жүргені өтірік емес.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button