Басты ақпаратЖаңалықтар

Рио-2016. Қазақстан жалпыкомандалық есепте 22-ші орын алды

Рио-де-Жанейрода ХХХІ Олимпиада ойындары аяқталды. Қазақстан Ұлттық құрамасы өз тарихында алғаш рет 17 медальға қол жеткізді. Осылайша қазақстандық спортшылар жалпыкомандалық есепте 22-ші орынға тұрақтады.

8г4е8н4

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Атлантада 11, Сиднейде 7, Афиныда 8, Пекинде 13, Лондонда 13 медаль еншілеген еді.

Қазақстан құрамасы Рио Олимпиадасында 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медаль жеңіп алды.

Еліміз атынан сынға түскен Нижат Рахимов (ауыр атлетика), Данияр Елеусінов (бокс), Дмитрий Баландин (жүзу) Олимпиада чемпионы атанса, Жазира Жаппарқұл (ауыр атлетика), Елдос Сметов (дзюдо), Василий Левит (бокс), Әділбек Ниязымбетов (бокс), Гюзель Манюрова (күрес) күміс медаль иеленді. Қола жүлде алғандардың қатарында Галбадрах Отгонцэцэг (дзюдо), Фархад Харки, Карина Горичева, Александр Зайчиков (барлығы – ауыр атлетика), Ольга Рыпакова (үш қарғып секіру), Эльмира Сыздықова, Екатерина Ларионова (екеуі де – күрес), Иван Дычко, Дариға Шәкімова (екеуі де – бокс) бар.

2016 жылғы Олимпиада ойындарына 28 спорт түрінен 206 мемлекет пен босқындар командаларынан 10 мыңнан астам спортшы қатысты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button