Сайлау - 2021

Шетелге ұн сатудың орнына…

Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Ақмола облысы бойынша филиалы қайта өңдеу саласы мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді.

«Аян» диірменді-макарон комбинаты» ЖШС-нің өндіріс алаңында өткен басқосуға партия басшылығы және қайта өңдеу компанияларының өкілдері қатысты. Партия төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рақымбеков комбинат еңбеккерлерімен кездесіп, партия бағдарламасының жобасымен таныстырды және басымдық бағыттарын айтып өтті. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру саласында өзекті мәселелерді сол салада жұмыс жасап жатқан еңбек адамдарымен талқылады.
«Біз ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға жиі барамыз және олардың айтқан мәселелерін жоғары жаққа жеткізіп, шешу жолдарын қарастырамыз. Жалпы еліміз бойынша 270-ке жуық осындай кәсіпорын бар. Бұлардың барлығының қуаты жылына 11-12 миллион тонна дәнді дақылдарды қайта өңдей алады. Өкініштісі сол, осы кәсіпорындар 2019 жылы тек 5 миллион дәнді дақыл өңдеген. Көрсеткішті көтеру үшін мемлекеттік саясатты өзгертуіміз керек» деді Т.Рақымбеков.
«Аян» диірменді-макарон комбинатының коммерциялық директоры Анна Кимнің айтуынша, бүгінгі күні комбинат толық циклды жұмыс жасайды. Яғни бидай өсіріп, ұн және ұн өнімдерін шығарады. Бүгінгі күні диірмен тәулігіне 200 тонна бидай өңдейді. «Біздің өнімдеріміз еліміздің ішкі нарығына және Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан елдеріне жеткізіледі. Оның ішінде жалпы ұнның 50 пайызы ішкі нарыққа жөнелтіледі.
Төлеутай Рақымбеков 2007-2009 жылдары Қазақстан ұн экспортынан дүние жүзінде бірінші орынға шыққанын, бірақ соңғы жылдары бұл көрсеткіш төмендегенін айтты. «Мысалы, Тәжікстан өзінің ұнға деген сұранысының 95 пайызын біздің ұнмен жабатын. Ал қазір олай емес. Статистикаға сүйенсек, былтыр Өзбекстан мен Тәжікстанға 700 мың тонна ғана ұн жеткізген екенбіз, бидайға есептегенде 1 миллион тонна, ал бидай ретінде 3,5 миллион тонна шығарыппыз» деді ол.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button