Ел тынысы

Сығанақ көшесінде жол қозғалысы уақытша өзгереді

LRT учаскелеріндегі жұмыстарға байланысты қалалық полиция департаментімен келісе отырып, Сығанақ көшесінде көлік қозғалысы уақытша өзгереді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Осылайша, 24 сәуір мен 30 қараша аралығында Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі аумақта Сығанақ көшесінің бойында көлік қозғалысын толығымен шектеу жоспарланып отыр. Ол жерде «Абу-Даби Плаза» бизнес орталығының ғимаратымен интеграцияланған 112-LRT станциясының құрылысына қатысты жұмыстар жүргізіледі.

Бұл ретте Ақмешіт көшесі мен Түркістан көшесі бойындағы қозғалыс ашық болады.

Елорда қонақтары мен тұрғындары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button