Ел тынысы

Төлқұжат дайындау мерзімі қысқарды

Ресейде жүрген Қазақстан азаматтарына паспорт дайындау мерзімі 30 күнге дейін қысқартылды.

[smartslider3 slider=3463]

2022 жылдың 10 шілдесінен бастап Ресей аумағында «ҚР шегінен тыс жерлерде тұратын Қазақстан азаматтарына паспорттарды рәсімдеу» бойынша мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру бойынша «қанатқақты жобасы» басталды. ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған жоба Ресейде тұрып жатқан Қазақстан азаматтарына Қазан, Омбы, Санкт-Петербург және Астрахань қалаларындағы ҚР консулдық мекемелері арқылы паспортты 80 күннің орнына 30 күн ішінде ресімдеуге мүмкіндік береді.

«Бүгінгі таңда электрондық құжаттандыру жүйесі Қазақстанның БАӘ (Әбу-Даби, Дубай қалалары), Германия (Берлин, Майндағы Франкфурт, Мюнхен, Ганновер қалалары), Корея Республикасы (Сеул), Ресей (Мәскеу), АҚШ (Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско қалалары), Өзбекстан (Ташкент), Жапония (Токио) мен Түркиядағы (Анкара, Ыстанбұл, Анталья қалалары) шетелдік мекемелерінде сәтті жұмыс істейді» делінген СІМ баспасөз хабарламасында.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button