КарантинҚұқық

Түнгі клубтың жұмысы тоқтатылды

Карантин тәртібінің үнемі бұзылуына байланысты елордадағы бірқатар ойын-сауық мекемелерінің жұмысы тоқтатылуы мүмкін. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 8 іс қарауға жіберілді.

Арнайы тексерістен кейін «Alanya» түнгі клубы мен «Janym Sol» караоке-барының жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ «SOVA» караоке-барына, «Echo» барына, «ZOLOTO» мейрамханасына, «Сторис» демалыс орнына қатысты іс әлі де қарастырылуда. Ал «Teqila» лаундж-барына екі хаттама толтырылды.

– Өткен демалыс күндері тізімде көрсетілген бірқатар нысандарға қатыс­ты бірнеше рет жедел хабарламалар келіп түсті. Жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Нәтижесінде заң бұзушылық фактілері расталып, іс-қағаздар әкімшілік сотқа қосымша дәлел ретінде жіберілді, – деді Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.
Сонымен қатар мереке күндері «Mega Silk Way» сауда, ойын-сауық кешеніндегі «Kango» батут орталығы мен Тұран даңғылы, 21 мекенжайындағы «Icon» клубының ереже бұзғаны туралы ақпарат түсті. Бұған дейін аталған нысандарға заң бұзушылықты жою туралы ескертулер жасалған еді. Енді бұйрықты орындамағаны үшін құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік соттың қарауына жіберіледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button