Құқық

Учаскелік полиция бекеттері жөнделеді

Кеше елорда әкімі Алтай Көлгінов полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденовпен бірге қаладағы учаскелік полиция бекеттерін аралады.

«Учаскелік инспекторлар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Олардың күнделікті еңбегінің арқасында елордада құқықбұзушылықтар саны азайды. Қала аудандары бойынша 30-дан астам учаскелік полиция пункттері орналасқан. Олардың кейбіреуі жөндеуді қажет етсе, кейбіреуі жаңадан салынды. Бүгін полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденовпен бірге ескі, жаңа ғимаратты қажет ететін учаскелік полиция бекеттерін қарап шықтық. Оларды жөндеп, не басқа үй-жайларды ұсыну қажет» деді А.Көлгінов.

«Мәселен, ескі вокзал ауданында Гете көшесінде орналасқан учаскелік пункт тұрғындар – көп жүгінетін пункттердің бірі. Ол жерде пойыз, қалааралық автобустарға байланысты адамдардың үлкен ағыны байқалады. Сондай-ақ Дүкенұлы, Әуезов мекенжайларында орналасқан учаскелік пункттерге бардық» деп жазды әкім. Қала басшысы үй-жайлары ескірген тірек пункттері қызметкерлерінің орналасу орындарын анықтауды тапсырғанын хабарлады.
Әкімнің айтуынша, биыл полиция­ның учаскелік пункттерінің бір бөлігі жөнделді, өткен жылдың жазында 400-ден астам қызметкер еңбек етіп жатқан Есіл ауданының полиция басқармасына жаңа ғимарат берілді. Сонымен қатар автопаркті жаңартылды, тек осы жылдың күзінде ғана полицейлерге қосымша 65 автокөлік берілді.
«Жаңа тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында әлеуметтік нысандардан басқа полицияның тірек пункттерін ашамыз. Мемлекет басшысы жергілікті полиция қызметін реформалау аясында учаскелік инспекторға басты рөл жүктелетінін, қызмет «полиция қадамдық қолжетімділік» қағидаты бойынша жұмыс істеуі тиістігін атап өтті. Бейінді мемлекеттік органдармен бірлесіп, полиция департаменті қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жұмысты жүйелі негізде жалғастырамыз» деп жазды қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button