Басты ақпарат

Мереке күнгі береке

Нұр-Сұлтан қаласында Тұңғыш Президент күні мерекесінде 100-ден аса әлеуметтік сала қызметкері пәтер кілттерін алды. Бұл туралы қала басшысы Алтай Көлгінов инстаграм парақшасында жазды.

«Аталған пәтерлерді қазақстандық ипотекалық компаниясымен бірлесіп, жылдар бойы кезекте тұрғандарға бердік. Бұл бағдарлама аясында 1 мыңға жуық пәтер беру жоспарланып отыр. 350-ден астамы берілді, бүгін өз пәтерлеріне 100-ден астам отбасы кірді.
Бұған дейін ҚИК әлеу­меттік пәтер алушылар санатын едәуір кеңейтті, тізімге медицина қызметкерлері мен мұғалімдерден басқа әлеуметтік қызметкерлер, Төтенше жағдайлар департаментінің, полиция департаментінің қыз­меткерлері, мәдениет және спорт қайраткерлері кірді. Олардың көпшілігі коронавируспен күресте алдыңғы шепте, адам өмірін сақтап, балаларымызды оқытып, қалада қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Бұл тұрғын үй бағдарламасы басқалардан ерекше. Бастапқы жарна қажет емес, пәтерді сатып алуға болады, жалдау ақысы бір шаршы метр үшін 1455 тг құрайды. Мемлекет басшысының тапсыр­масына сәйкес биыл қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайтылды. Алдағы уақытта бірнеше үйдің кілттері тапсырылады!» деп жазды Алтай Көлгінов.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button