Басты ақпаратЖаңалықтарҚала мен СалаҚала тіршілігі

Заманауи зауыт ашылады

????????????????????????????????????

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстандағы жаңа индус­трияландыру: орнықты даму мен прогресс үшін» атты жалпыұлттық телекөпір өтеді.  Осы индустрияландыру күні аясында Астана қаласында құрылыс материалдарын өндіретін заманауи зауыт іске қосылады. Онда арнайы құрылыс қоспалары мен жылу оқшаулауға арналған өнімдер шығарылады. 

Кеше Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев пен «Selena FM S.A.» Директорлар Кеңесінің төр­ағасы Кшиштоф Домарецки нысанды іске қосу мәселесін тал­­қылады. Кәсіпорын өндіретін құры­лыс жұмыстарына қажетті өнімдер ЕО-да сертификатталған. Зауыттың өндірістік цехы 5 мың шаршы метр аумақты алады. Жобаның мақсаты – бәсекеге қабілетті жо­ғары тех­нологиялық өндіріс құру. Соны­мен қатар, құрылыс саласына инно­вациялық және энергия үнем­деуші технологияларды ендіруді, қосымша жұмыс орындарын құруды, Орта Азия мен Ресейге өнім экспорты үшін мүмкіндіктер жасауды көздейді.
Қала әкімдігінің баспасөз қызме­тінің хабарлауынша, зауыттың өнім­дері ғимараттың энергетикалық тиімділігін арттырып қана қоймай, ауаға тасталатын CO2 көлемін азайтуға да мүмкіндік бермек. Жоба бойынша 70 адам жұмыспен қам­тылады. Оның өндірістік қуаты жылына 10 000 тоннаға жуық диспер­сиондық және 120 000 тонна құрғақ қоспаны құрайды. Өнімнің 40%-ы экспортқа шығарылады.
Айта кетейік, «Селена групп» ком­паниясы 1992 жылы құрылған. Өз өнімдерін әлемнің 70 еліне жеткізеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button