Ел тынысы

«Жақсы дәрігер» көрмесін тамашалады

«Жақсы дәрігер» көрмесі ашылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Карантин кезінде қазақстандық дәрігерлер өмірін тәуекелге тігіп, елдің аманатын орындап, тәулік бойы көз ілмеді. Әр адамның денсаулығын сақтап, үміт сыйлап, вирусты жеңу миссиясын абыроймен атқарды. Дәрігерлердің мәртебесін көтеру мақсатында Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «Astana Filarmonia» залында «Жақсы дәрігер» медициналық фотокөрмесі ашылды.

Фотокөрмеге Астана қаласы әкімдігіне қарасты ауруханалар мен емханалардың тыныс тіршілігі live форматта фотоға түсіріліп, қойылған. Әрбір кадрде дәрігерлердің мейірімді көзқарасы мен тынымсыз еңбегі анық таңбаланған. Күнделікті дәрігердің тыныс-тіршілігі туралы суреттер сөйлейді. Көрмеге жалпы барлығы 72 фото суреттер қойылды. Атап айтқанда, Астана қаласы бойынша №2 қалалық балалар ауруханасы, №2 көп бейінді қалалық ауруханасы, №7,5, 9 қалалық емханалардың күнделікті жұмысынан түсірілген суреттер көрмеден орын алған.

Іс-шараға Денсаулық сақтау министрлігі мен Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, ҚР Парламенті мәжілісінің және сенаттың және мәслихат депутаттары, Астана қаласы әкімдігіне қарасты ауруханалар мен емханалардың басшылары, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер мен журналистер қатысты. Көрмені денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе ұйымдастырған – «Sultan magazine» 4 тілде шығатын қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық журналы.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Коронавирус індеті медицина ғылымын дамытудың да өзекті екенін көрсетіп берді. Алдағы уақытта елімізде медициналық-биологиялық зерттеулерге ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені айбынды әскермен бірге мықты медицина да – мемлекеттің негізгі қалқаны. Бұдан былай оның өзектілігі арта түсетіні сөзсіз» деген болатын. Көрменің салтанатты ашылу рәсімінде келген қонақтар сала мамандары жайлы осындай жылы лебіздер айтты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button