Басты ақпаратБілім

1 қыркүйек – Білім күні!

Көптен күткен алғашқы қоңырау мерекесі де келіп жетті. Бүгін Астана қаласында 129 мыңға жуық оқушы мектепке барды. Ал алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын балдырғандардың саны 21 мыңға жуықтайды.

-Бүгін қаланың барлық  мектебінде біркелкі  «Мен – елімнің  патрио­тымын!» атты сабақ  өтеді. Бұл дәріс Тәуелсіздігіміздің 25 жылды­ғына арналады.
-Биылғы оқу жылында бірінші сыныптар ғана бес күндік оқу жүйе­сімен білім алады. Балалар  1 қыркүйек­тен
1 маусымға дейін 35 апта оқиды.
-Бірінші сыныпқа «Жаратылыстану» және «Көркем еңбек» пәндері енгі­зілсе, 5-7 сыныптар «Робототех­ника» элективті курсын оқитын болады.
– Айтпақшы, биыл елордалық оқу­шылар оқулық іздеп, әуреге түскен жоқ. Сынып  жетекшілері 10 тамыздан бастап тиісті оқулықтарды балаларға тарата бастады.
-Бастауыш сынып оқушыларын  ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесі де шешілген. Осы оқу жылында 65 мыңнан астам оқушы  тегін түскі аспен қамтамасыз етілмек.
-Биыл жыл соңына дейін №26 мектепте, коррекциялық мектеп-интернатында, №17, 22 мектептерге жапсарлас салынған ғимараттарда бірыңғай форма енгізіледі деген жоспар бар.
-Өткен оқу жылы елордалықтар үшін нәтижелі болды. Ұлттық бір­ыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша үш мектеп Қазақстандағы маман­дан­дырылған  үздік   ондықтың қатарына енді.  Олардың  ішінде №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі, №9 «Зерде» дарынды бала­ларға арналған мектеп пен дарынды қыз­дарға арналған қазақ-түрік лицейі бар.
-Қалада талантты оқу­шылардың қабілетін әрі қарай шың­дауға арналған бес мектеп істейді. Жо­ғарыда аталған үш  білім  оша­ғынан басқа, олардың сапынан ұлдарға арналған қазақ-түрік лицейі мен дарындыларға арналған
№81 Astana English School мектебін көруге болады.
– Биылғы жаңа оқу жылында білім саласындағы жетістігіміз бұдан да еселеніп, оқушыларымыз талай сайыс­тардан алда келеді деген үмітіміз бар.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button