Жаңалықтар

Тұрғындарға қолайлы үй болады

Елордадағы аз қамтылған отбасылар мен жұмыс істейтін жастар үшін салынып жатқан үйлерге қа­тыс­ты Мемлекет басшысының тапсырмалары қалай орындалып жатыр?

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Елбасы жариялаған Жастар жылында жұмыс істейтін жастарға, көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға және апатты үйлердің тұрғындарына салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй кешеніне барды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте тұрғын үйді іске қосу қарқынын және құрылыс жұмыстарының көлемін арттыру қажеттігіне назар аударғаны белгілі. Президенттің мекемелердің «қадамдық қолжетімділік» туралы тапсырмасын іске асыру аясында тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы, аудандағы барлық тұрғындардың қажеттілігін өтейтін емхана болады. Ал екінші қабатта – балаларға арналған шағын орталық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция бекеті орналасады. Салынған үй-жайлары мен екі деңгейлі паркингі бар тұрғын үй кешені
Ә. Жангелдин, С. Рахимов, Ш. Уәлиханов көшелерінің қиылысында (ескі базар орны) орналасқан. Мұнда 1472 пәтер болады.
Тұрғын үй кешені осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Қала әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балалардың терезеден құлауын болдырмау үшін құрылыс нормаларында қауіпсіздіктің нақты параметрлерін күшейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ үйді инженерлік желілерге уақытында қосып, аула аумақтарын абаттандыруды аяқтауды тапсырды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button