Жаңалықтар

Алтайдың асқарындай аудиокітап

Ұлттық академиялық кітапханада «Шығыс Қазақстанның музыкалық мұра­сы» атты аудиокітаптың тұсаукесері болды.

Сал­­танатты кеш барысында Әлібек Асқаров, Таласбек Әсемқұлов, Шәрбану Бейсенова, Сәдібек Түгел, Назарбек Қанапияұлы сынды зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, осындай бастама көтерген облыс басшылығына шексіз алғыстарын жеткізді. Ақын Қалқаман Сарин «Ертісім» атты өлеңін оқып, әнші Клара Төленбаева «Шығысым – шынарым» деп әуелете шырқады.

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев басшылық жасап, тыңдарман қауымға ұсынылып отырған «Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы» атты аудиокітапқа 500-ден аса ән-күй енгізілген. 18 дискіден тұратын аудиокітап 1000 данамен жарық көріп отыр.

Бір ерекшелігі, мұнда кейбір әндер алғашқы орындаушыларының айтуы бойынша берілген. Мысалы, Әміре Қашаубаевтың, кеше ғана өмірден өткен Дәнеш Рақышев, Болат Құсанов, Мәдениет Ешекеевтің дауыстары бар. Бірақ барлығының да-уыстары түгелдей тазалап құю әдісімен дайындалған. Сонымен қатар, Семей, Тарбағатай, Зайсан өңірінің дәстүрлі әншілері жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберліктерін көрсете білді.

Әйгерім БАЛҒАБАЕВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button