Басты ақпарат

Алыс-беріс артады

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев «Астана қаласының күндері» аясында іссапармен Қарағанды облысында болып, аймақаралық ынтымақтастықты дамыту талқыланған «Астана қаласы – Қарағанды облысы өңіраралық ынтымақтастық» бизнес-форумына қатысты.

– Бүгінгі таңда Қарағанды – біз барған сегізінші аймақ. Басқа өңірлермен бірге елордамыз жемісті ынтымақтастықты жүзеге асыруда. Сапар барысында 52 меморандум жасалды. 60-тан астам мәдени және спорттық іс-шара өткізілді. 45 мыңнан астам қонақ қатысты. Барлық өңірлерге ынтымақтастық және қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіргім келеді, – деді Әсет Исекешев.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту тиімді әрі керек деп санайды. Аймақ басшысы «Астана Хаб» IT-стартап халықаралық технопарк шеңберінде жалпы кластерге бірігуді ұсынды. Қарағанды облысының Астанаға жақындығы өңіраралық кооперацияны нығайтуға мүмкіндік беретінін айтып өтті.

Қарағанды – елорданың азық-түлік белдеуінің қатысушысы. Мұнда Астананы өнімдерімен жабдықтайтын 2 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары мен қайта өңдеу кәсіпорындары бар. 2018 жылы «Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізін қайта жаңғырту» аясындағы «Астана-Қарағанды» автобан құрылысының аяқталуы аймақтарды одан әрі жақындата түспек.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button