Жаңалықтар

АПТА АНЫҒЫ

Мемлекет басшысы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында Денсаулық сақтау министрлігіне халықтың емдік сауатын арттыру жөнінде тапсырма бергені белгілі. Осыған орай дәрігерлер қауымы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді бастады.

Жұмыс барысында белгілі болғаны – суық тию, жөтел және өзге де тыныс алу жолдарының дертіне шалдыққан жандардың 70 пайыздан астамы ем-домды дәрігердің тағайындауынсыз қабылдайды екен. Олардың 60 пайыздайы мұның себебін уақыттың жетіспеушілігімен, жұмыстан қолдары босамайтындығымен түсіндірсе, 10 пайыздан астамы өз бетінше ем қабылдау ең дұрыс шешім деп санайтындықтарын айтқан.

Бұған қоса, қазақстандықтардың 50 пайызы антибиотиктерді дәрігердің тағайындауынсыз тұтынатыны белгілі болды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button