Sport

«Астана»: алтыншы алтын!

«Астана» футбол командасы ұлттық біріншілік мәресіне жетпей-ақ Қазақстан чемпионы атанды. Бұл елордалық клубтың алтыншы алтын жүлдесі болды. Премьер-лигада қатарынан 6 рет және ең көп чемпион атанған команда да – «Астана»!Жексенбі күні өткен турда «Астана» сырт алаңда ойнап, Қостанайда қола жүлдеге үміткер «Тобыл» командасын 1:0 есебімен ұтып, ұпай саны бойынша Қазақстан чемпионы атағына қол жеткізді. Ал алтынға таласуға мүмкіндігі болған «Қайрат» Павлодарда жергілікті «Ертіс» командасынан оңбай ұтылды. Бұл ойында есеп – 5:0. Осылайша алматылықтар чемпиондық атақтан мүлдем күдер үзіп, күміс жүлдені қанағат етті. Ал қола медаль иегері соңғы турда анықталады.
32-турдың нәтижелері: «Тобыл» – «Астана» 0:1, «Ертіс» – «Қайрат» 5:0, «Ақтөбе» – «Шахтер» 3:2, «Атырау» – «Ордабасы» 1:3, «Тараз» – «Қайсар» 2:1, «Оқжетпес» – «Жетісу» 1:1.
Соңғы турда «Астана» – «Ертіс», «Тобыл» – «Ақтөбе», «Қайрат» – «Атырау», «Ордабасы» – «Тараз», «Жетісу» – «Шахтер», «Қайсар» – «Оқжетпес» өзара кездеседі.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button