Ел тынысы

«Астана Опера» сахнасында «Алпамыс» қиял-ғажайып операсы қойылды

Кәукен Кенжетаев либреттосын жазған Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамыс» қиял-ғажайып операсы «Астана Опера» театрының Үлкен залында көрсетілді,  деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Көрерменге ұлттық эпикалық қаһарман Алпамыс батырдың опералық сюжеті ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының бақыт, бостандық үшін күресін, туған жерге деген махаббатын дәріптейтін шығарманың музыкалық драматургиясы да анық баяндалды.

Операның музыкалық сүйемелдеуі халық әндерінен тұрады. Жағымсыз кейіпкерлерді суреттейтін, бейнелі-мазмұнды вокалдық партиялар да орындалды.

Спектакльді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресей Халық әртісі, атақты режиссер Юрий Александров қойды. Музыкалық жетекші және қоюшы-дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин.

Айта кетейік, «Астана Опера» репертуарында ұлттық спектакльдердің орны бөлек және ерекше сұранысқа ие. Сол себепті жыл сайын қазақ халқының тарихы мен дәстүрі баяндалатын музыкалық шығармалар саны артып келеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button